Прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Коллаж: ult.kz

Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі туралы жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысына тиген деп айыпталып отырған актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысында прокурор жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. Мемлекеттік айыптаушы актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Іс бойынша сот талқылауы барысында Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі туралы әлеуметтік желіде жариялаған жазбалары мен айтқан сөздері қаралып жатыр.

Айыптау тарабының мәліметінше, актердің әрекеті бұрынғы жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Ал Нұрсұлтан Жақсыген өзінің атынан фейк парақша ашылғанын, өзінің бұл іске қатысы жоғын айтқан. 

Сот үкімі әлі шықпады.