Оқиға 14 мамыр күні Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойызда болған. Қыз шошып оянып шалдан "не істеп жатырсыз" деп сұраған, деп хабарлайды ult.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Ал ол кісі "кешір, болды" деп теріс қарап жатып қалған. Қыз шалға қарай аяқ-киімін лақтырған.
Ал шал орнынан тұрып әжетханаға қарай кетіп қалған. Ал студент қыз артынан шығып, алдында тұрған әйелге жағдайды айтқан. Ал ол кісі: "Сені зорлады ма? Тиіссе салып қалып, жата бермейсің бе" деп жауап берген. Ал шал сол уақытта станциядан түсіп, қашып кеткен.
Кейін қыз полицияға арызданып, онлайн сот өткен. Нәтижесінде шалға 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.