Павлодарда тұрғындарды қорқытып, ақша талап еткен алты адам ұсталды

Павлодарда тұрғындарды қорқытып, ақша талап еткен алты адам ұсталды
ашық дереккөз

Павлодарда тұрғындардан күш қолданамыз деп ақша талап етті деген күдікпен алты адам ұсталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдіктілер бір ай бойы қала тұрғындарынан ақша бопсалаған. Ақша бермеген жағдайда күш қолданып, дене жарақатын келтіреміз деп қорқытқан.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, алты адам ұсталған.

Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар ұсталғандардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.