Павел Дуров Ресейде «террорист» атанды

Павел Дуров Ресейде «террорист» атанды
ашық дереккөз

Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі (Росфинмониторинг) Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді. Оның есімі ведомствоның жаңартылған тізімінде арнайы белгімен жарияланды.

«Ресей мені Telegram-да жаппай бақылау мен цензура енгізу туралы талаптарын орындамағаным үшін "террорист" деп таныды. Ресей заңнамасына сәйкес, енді маған "интернетте ақпарат жариялауға" тыйым салынады. Ресей шенеуніктері интернетке кімнің және кімге тыйым сала алатынын шатастырып алған сияқты», — деп жазды Дуров өзінің Telegram-арнасында.

Жазбасына Дуров екіге бөлінген сурет тіркеген. Оның бір жағында өзі «террорист» деген жазумен бейнеленсе, екінші жағында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ауған тәліптерімен қол алысып тұрған суреті «құрметті серіктестер» деген жазумен берілген.

Айта кетейік, тергеу нұсқасы бойынша, Telegram әкімшілігі Ресейде диверсиялар мен террористік актілерді үйлестіру үшін шетелдік арнайы қызметтер мен тыйым салынған ұйымдар пайдаланған деген арналар, чаттар және боттарды өшірмеген.