Грекияда Афины қаласының батысындағы Псата (Psatha) ауданында орман өртін сөндіру жұмыстары кезінде екі өрт сөндіру тікұшағы әуеде соқтығысты. Оқиға жексенбі күні тілсіз жаумен күрес барысында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Грекияның өртке қарсы қызметінің мәліметінше, әр тікұшақта екі адамнан болған. Оқиғадан кейін құтқару қызметтері ұшқыштарды іздеу және құтқару операциясын бастады. Әзірге олардың нақты жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат күшті жел мен күрделі өрт жағдайында болған. Қазіргі уақытта аймақта бірнеше ірі орман өрті жалғасып жатыр. Жалынның жылдам таралуына байланысты бірқатар елді мекен тұрғындары эвакуацияланған.
Әлеуметтік желілерде апат сәті түсірілген деген бейнекадрлар тарап жатыр. Кадрларда тікұшақтардың әуеде соқтығысып, олардың бірінің жерге құлағаны көрінеді. Алайда бұл видеолардың түпнұсқалығы ресми түрде расталған жоқ.