Оралда шенеунік 101 миллион теңге көлемінде пара алған (Видео)

Оралда шенеунік 101 миллион теңге көлемінде пара алған (Видео)

Батыс Қазақстан облысында МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап. 

"13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсеті үшін 25 миллион теңге көлемінде - параның соңғы бөлігін алу кезінде БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі Н. Урналиев ұстады", - делінген хабарламада. 

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, параның жалпы көлемі 101 миллион теңге болған. 

Қазіргі кезде күдікті Орал қаласы ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.