Freedom Inside '26

Онлайн махаббаттың соңы: Ақтөбеде зейнеткер алаяққа алданды

Онлайн махаббаттың соңы: Ақтөбеде зейнеткер алаяққа алданды
Рavlodarnews.kz

Ақтөбеде өзін «АҚШ-тың отставкадағы офицері» ретінде таныстырған алаяққа сеніп қалған зейнеткер әйел 1 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, 62 жастағы әйел әлеуметтік желілердің бірінде шетелдік азаматпен танысқан. Ер адам өзін америкалық әскери офицер ретінде таныстырып, екеуі ұзақ уақыт хат алмасқан. Ол жылы сөз айтып, болашақта кездесетінін де уәде еткен.

Кейін күдікті қаржылық қиындыққа тап болғанын айтып, Қазақстанға келген соң ақшаны толық қайтаратынын жеткізген. Сеніп қалған әйел оған бірнеше рет ақша аударған.

Алайда қаражат қолына тигеннен кейін ер адам байланысқа шықпай қойған. Алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция интернет арқылы танысқан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуге, жеке және банк деректерін құпия ұстауға және күмәнді өтініштерге сақ болуға шақырады.