"Онда шетел әншілеріне барыңдар!": Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертті сынаған блогерге жауап берді

"Онда шетел әншілеріне барыңдар!": Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертті сынаған блогерге жауап берді
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертте болған жағдайды сынаған блогерге жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін aigalium есімді блогер әлеуметтік желіде әншінің концертіне барғанын айтып, көрермендердің әрекетіне наразылық білдірген. Оның сөзінше, концерт кезінде жұрт арасында итерісу болып, кейбір адамдар бір-біріне айқайлап, шаштан тартқан. Тіпті, жиналғандар бірін-бірі таптап кете жаздаған. Блогер концертте адам қаза тапты деген ақпараттың жалған екенін атап өткен. Алайда оның мәлімдеуінше, бірнеше көрермен медициналық көмекке жүгінген, ал 18 жастағы қыз ауруханада қалған.

Сондай-ақ ол жұртты бос уақытын кітап оқуға, білім алуға, спортпен айналысуға және театрға баруға арнауға шақырған.

Бұл жазбаға Қайрат Нұртас пікір білдіріп, блогердің сөзін тым қатты деп бағалады.

«Қатты айттың. Онда шетелдік әншілердің концертіне бара беріңдер», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент полициясы әншінің концертіне қатысты жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген әйелдің анықталғанын хабарлаған. Аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданған.