Әнші Нұрлан Албан ұлының әскери борышын өтеп, үйіне оралғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Қуанышты хабарды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Баласын аман-есен қарсы алған әке әскердегі өзге сарбаздарға да ақ тілегін арнады.
“Сүйінші! Балам Отан алдында әскери борышын өтеп, аман-есен шаңыраққа оралды. Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!” – деп жазды Нұрлан Албан.
Айта кетейік, Мансар Орынхан отбасындағы жағдайды түсіндірді.
Нұрлан Албан кім?
Нұрлан Албан – қазақстандық әнші, музыкант әрі тележүргізуші. Шын аты-жөні – Нұрлан Тәжікенов. Көпшілікке Нұрлан Албан деген сахналық есіммен танылған.

Өнер жолы 1999 жылы республикалық “Жас қанат” байқауынан басталған. 2001 жылы “Үркер” тобына қабылданып, ұжым құрамында он жылға жуық өнер көрсеткен. Кейін жеке шығармашылығына ден қойған.

2010 жылы “Сәлем” және “Қарттарым, аман-саумысың…” атты екі ән жинағын шығарған. Әншілікпен қатар түрлі концерттер мен мәдени шараларды жүргізеді. Шығармашылығында ұлттық нақыштағы әндерге орын береді.