Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы елді алаңдатты

Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы елді алаңдатты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына келген Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов “Саржайлауым” әнін орындады, деп хабарлайды ult.kz.

Мерекелік кеште Жанар Айжанова өнердегі аға буын өкіліне қолқа салып, ән айтқызған. Осылайша мерейтойға жиналған қауым Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы әнді тыңдады.

Айта кетейік, өнер иесі бұған дейін денсаулығына байланысты ауыр кезеңді бастан өткергенін айтқан еді. Биыл наурызда жүрегіне күрделі ота жасалғанын хабарлап, өзіне көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдірген. Ал қазан айында денсаулығын қалпына келтіру үшін оңалту курсынан өтіп жүргенін жазды. 

Нұрғали Нүсіпжанов кім? 
 

Нұрғали Нүсіпжанов — қазақтың көрнекті әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол 1937 жылы 5 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысына қарасты Доланалы ауылында дүниеге келген. Қарапайым шопан отбасында өсіп, жастайынан әнге әуес болған.

Өнер иесі 1956 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түскен. Кейін Қазақ радиосы мен телевизиясында еңбек етіп, музыкалық хабарлардың дамуына үлес қосқан. 1976 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне жетекші әнші болып қабылданған.

Нұрғали Нүсіпжанов Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың бірқатар әндерін алғаш орындап, халыққа танытқан. Оның репертуарында “Қаздар қайтқанда”, “Айнашым”, “Мұңайма”, “Аспан қызы”, “Сағыныш” секілді шығармалар бар. Әнші ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырып, қазақ композиторларының туындыларын кеңінен насихаттаған өнерпаз ретінде танылған.

Өнерге сіңірген еңбегі үшін “Құрмет”, “Парасат” ордендерімен марапатталған. 2026 жылы 89 жасқа толған әнші — қазақ сахнасының қадірлі ақсақалдарының бірі.