Павлодар қаласында 112 пультіне 2013 жылы туған балаға көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Баланың аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері дереу авариялық-құтқару жұмыстарына кірісіп гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып баланы бетон плитасының арасынан босатты.
Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Баланың аяғы бетон қоршаудың плитасының арасына қалай кіріп кеткені туралы ақпарат берілмеді.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады!