Неміс азаматы әйелін қазақша ұрсып тастады

Неміс азаматы әйелін қазақша ұрсып тастады
Фото: ult.kz

Осыдан 36 жыл бұрын Қазақстаннан Германияға қоныс аударған неміс отбасы қазақ тілін әлі күнге дейін ұмытпаған, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған видео көпшілікті таңғалдырды. Олар қазақша еркін сөйлеп қана қоймай, қазақы дәстүр мен естеліктерді де жүректерінде сақтап қалған.

Отбасы мүшелері өздерінің түп-тамыры Түркістан облысындағы Мақтаарал, Алғабас, Байқадам және Мырзакентпен байланысты екенін айтады. Шетелде ұзақ жыл тұрса да, туған жерге деген сағыныштары мен қазақ тіліне деген құрметтері жоғалмаған.

«Күйеу балаларымыз қазақ. Қазақша өлең де айтамыз», — дейді олар жылы жүзбен.

Көпшілік олардың таза қазақша сөйлегеніне риза болды. Тіпті желі қолданушылары «кейбір Қазақстанда тұратындардан жақсы сөйлейді» деген пікірлерін жазып жатыр. Видеодан оның әйеліне «Тыныш тұрсай сен, мен айтайын» деп ұрысқанын көруге болады.