Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2020–2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қойды. Құжат 14 тамызда күшіне енген, деп хабарлайды ult.kz.
Жаңартылған нұсқада Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға өмір бойы үндеу жасау құқығын қарастырған норма алынып тасталды.
Бұған дейін бұл құқық «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңға сәйкес тұжырымдамада бекітілген болатын.
Сонымен қатар құжатқа Құрылтайдың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган екені туралы ереже енгізілді.
Жаңартылған тұжырымдамада Қазақстанның стратегиялық сыртқы саяси мақсаттарының бірі ретінде тәуелсіздік пен егемендікті, аумақтық тұтастықты нығайту және елдің сыртқы саяси бағытының дербестігін сақтау белгіленді.
Жарлық оған қол қойылған күннен бастап, яғни 2026 жылғы 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.