Жапонияның Нагоя қаласын рекордтық нөсер жаңбырдан кейін су басты, деп хабарлайды ult.kz.
Бір сағат ішінде қалада 104,5 мм жауын-шашын түскен. Бұл 2000 жылы тіркелген алдыңғы рекордтан (97 мм) асып түсті. Қаладағы метро желісінің жұмысы толық тоқтатылды, деп хабарлады Nikkei газеті.
Сёнаи өзенінде су тасқыны қаупіне байланысты ескертудің ең жоғары, 5-деңгейі жарияланды.
Қатты нөсерге күзгі атмосфералық фронт пен тропикалық депрессияның әсері себеп болған. Синоптиктердің болжамынша, фронт Жапонияның батысы мен шығысында 10 қыркүйекке дейін сақталады. Осыған байланысты нөсер жаңбырдың жалғасуы мүмкін.