Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде әйелдердің күйеуінен рұқсат сұрауына қатысты пікір білдіріп, Роза Коучтің сөзіне жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.
Айдарбекова жазбасында Роза Коучтің әйел адамның күйеуінен сұрануын құптамайтынына қатысты ойын ашық жеткізген.
«Сұранса бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе қарағайдай маңдайына мүйіз шығады ма екен?» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер жастардың өз ата-анасын емес, сырттан ақыл айтатын адамдарды тыңдап, үлкенді сыйлауды ұмытып бара жатқанына алаңдайтынын айтты.
«Жастар осындайда үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті. Үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды», – деді ол.
Гүлзира Айдарбекова келіндерімен қарым-қатынасы туралы да айтып, өзі олардың әр ісіне араласа бермейтінін жеткізді.
«Мен де енемін, келін маған айтпақ тұрмақ, менің өзім айтпай, ескертпей кетпеймін, біздер бір отбасы емеспіз бе», – деп жазды ол.
Продюсер келіндері өзіне қонаққа барғанда, қолына сыйлық ұстатып жіберетінін айтып, мұндай қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.
«Содан кейін керемет көңіл-күймен, осыларды бере салған құдайға рақмет деп, шүкіршілігімді айтып, мәз болып үйден шығамын», – деді ол.
Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова Роза Коучтің сөзіне қатысты жеке ұстанымын да білдірді.
«Күйеуінен сұрансаң не болыпты, бір жағдай болып қалса, жүгіретіні сол отбасы, күйеуің емес пе?» – деп жазды ол.
Продюсер Розамен сыйластық қарым-қатынаста екенін атап өтіп, алайда бұл сөзінің өзіне ауыр тигенін айтты.
«Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Ол соңында аналар мен келіндерге бір-біріне құрметпен қарап, өзара менмендік пен өзімшілдікті тоқтатуға шақырды.
«Ерегісті тоқтатып, менмендікті, өзімшілдікті тоқтатып, тек жақсы ойлармен, ол кісілерге деген мейіріммен өмір сүріп көріңізші», – деп жазды ол.
