Мөлдір Мұқанова марқұм ата-анасымен жасалған ЖИ видеоны желіде жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Видео сипаттамасына түрлі пікірлер жазылды.
«Тек ғана сағыныш, тамағыма тығылған өкпем, көз жасы. Мәңгілік сағынышпен қатар, ата-анамызбен мақтанамыз, есімдерін абыроймен алып жүрміз. Біз үшін де ол кісілер разы деп ойлаймын. Папамыз бен мамамыздың аттарына кір келтіре көрме, Жаратқан Алла. Жандары пейіште шалқысын. Түлкібай мен Күләштің ұрпақтары жақсылықпен өсіп-өне беруін тілеймін», - деп жазды Мөлдірдің бауыры.
Ал көп оқырманы Тұрсынбек Қабатовты кінәлап шықты.
“Қолдайтын әке-шешесі болмай Тұрсынбек білгенін істеген”, “Неге аянышты видео сала береді. Тұрсынбек келмейді, күдеріңді үз”, “Иығына ақ орамал жапты, жақсы ырым”, деп жазды желідегілер.