Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жеңімпазы Михаил Шайдоровтың айналасында өрбіген әңгімеге қатысты түсініктеме беріп, келісімшартқа қол қойылды, мәселе реттелді деп мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
"Михаил Шайдоров Қазақстан спортының аңызы. Ол өз атын Қазақстан спорты тарихына алтын әріппен жазған адам. Біз Михаилдың барлық бастамаларын қолдаймыз және жаңа жеңістер тілейміз. Барлығы айтып жатқан келісімшарт бойынша айтқым келетіні, Михаил оған қол қойды және қол қою құқықтық негізде жүрді. Екі жақ өзара ортақ келісімге келіп, барлық бөлімдері талқыланды және бүгінгі кұні келісімшар жасалған. Келісімшарт жасала салысымен біз оны жұмысқа алып, келісімшарт негізіндегі барлық талаптар орындалып, қажетті соммалар төленеді.
Айта кетерлігі Михаил алдағы маусымға дайындық үшін 5 маусымда АҚШ-қа жолға шығады. Жақында алдағы олимпиада ойындарына дайындық туралы талқылау үшін Михаил Туризм және спорт министрлігіне келеді", деп отыр вице-министр.
Оқи отырыңыз: «Мені жазалағысы келетіндей»: Михаил Шайдоров жалақысыз қалғанын айтты