Министр теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты

Министр теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуіне не әсер еткенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлемде COVID-19 жағдайларының ұлғаюына байланысты теріс тәуекел-сентимент дамушы нарықтардың, оның ішінде ҚР валютасы мен нарығына қысым көрсетуді жалғастыруда. Осы жылғы сәуірде бейрезиденттер ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарындағы позициясын 248 млн АҚШ долларына қысқартты», - деді Ерболат Досаев.

Оның атапөтуінше, сәуірде бейрезиденттердің инвестицияларының қысқаруы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 429,02 теңгеге дейін 1 пайызға әлсіреді.

«Нәтижесінде шетел капиталының ЕМ (дамушы елдер) елдерінен нетто-әкетілуі және мұнай бағасының құбылмалылығы теңгенің айырбастау бағамына әсер етуді жалғастыруда. Осы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 427,22 теңге деңгейінде қалыптасты», - деді ҰБ төрағасы.