Алматыда өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, күдікті кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға қысым көрсетіп, мемлекеттік органдарға шағым түсіріп, олардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтқан. Осылайша ақша талап еткен.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция осыған ұқсас жағдайға тап болған бірнеше азаматты анықтаған. Қазір тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті дәлелдер жиналып жатыр.
Полиция мұндай фактілер туралы білетін азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.