Мемлекет басшысы кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.

– Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын! – делінген жеделхатта.