2025 жылдың 21 шілдесінде Бангладеш Әуе күштеріне тиесілі Chengdu FT-7 оқу-жаттығу ұшағы Дакка қаласындағы Milestone School мектебінің аумағына құлады, деп хабарлайды ult.kz.
Ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан 37 адам қаза тауып, 170-тен астамы жарақат алды. Қаза болғандардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Ұшақ пилоты да көз жұмды.
Алдын ала тергеу нәтижесінде ұшақ көкке көтерілгеннен кейін басқарудан шығып, пилот оны тұрғын үйлерден алысқа бұруға тырысқаны айтылды. Алайда әуе кемесі мектеп ғимаратына құлап, үлкен өрт шыққан.
Қайғылы оқиғадан кейін Бангладеш билігі ұлттық аза тұту күнін жариялап, қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеуге уәде берді. Сонымен қатар әскери авиация қауіпсіздігіне қатысты тексерістер күшейтілді.