Марқұм фельдшердің енесі маңызды мәлімдеме жасады

Марқұм фельдшердің енесі маңызды мәлімдеме жасады
Коллаж: ult.kz

Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел мен оның анасы марқұмның жылдық асы қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Әділет Зейнелден Ұлдана Мырзуанның жылдық асы қалай өтетінін сұраған.

«Қарашаның 18-і күні тура бір жыл толады. Астың қалай өтетініне келсек, менің қазіргі жұбайым Жұлдыз әуел бастан кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді. Қазіргі жағдайды түсініп отыр және мені толықтай қолдап отыр. Осы уақытқа дейін айтқанымыздай, асты ең жақын туыстарымызбен өткіземіз. Құран оқытып, дұға жасаймыз», – деді Әділет Зейнел.

Марқұм фельдшердің бұрынғы енесі де Ұлдананы еске алып, өз ойын білдірді.

«Біз барлығымыз өткіземіз. Алайда Ұлдананың туыстары қатыспайтын шығар. Ол менің есімнен еш шыққан емес. Тоғыз ай өтсе де, ойымнан кетпейді. Бұл – менің ғана емес, бүкіл елдің үлкен қайғысы.

Қазір Әділетті әлеуметтік желіде актер қылып көрсетіп, оны жек көретіндердің қатары көбейді. Бірақ Ұлданаға медальді Әділеттің арқасында бергенін айтқым келеді. Себебі алғашқы сәтте оқиғаға Ұлдананың өзі кінәлі деп көрсетілді. Яғни ТЖ қызметкерлерін күтпегені үшін.

Бұл Әділетті қатты ашуландырды. Кейін ол шындықты дәлелдеу үшін жүгіріп жүріп, осы жағдайға жеткізді. Сондықтан да ол жәбірленуші тараптан бас тартпай отыр. Ұлдананың нағыз ерлігін дәлелдеу үшін ол бұл істің соңына дейін барады», – деді ол.