Әлеуметтік желілерде 2025 жылы Астанадағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта шаңырақ көтергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.
2025 жылдың 8 қарашасында елордада ғимарат қаптамасы кондиционермен бірге құлап, екі фельдшер мен тағы үш адам зардап шеккен болатын. Ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қарашада ауруханада қайтыс болды. Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен ол қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған еді.
Қазіргі таңда желіде марқұмның жұбайының қайта үйленгені туралы бейнежазбалар мен жазбалар талқылануда.