Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсер Баян Алагөзованың жаңа студиясына арнайы барып, бірге түскен суреттерін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа студияның ішкі безендірілуіне жоғары бағасын беріп, Баян Алагөзовамен жүздесіп, әңгімелескенін жазды.
«Баянжанның жаңа студиясына барып, рахаттанып қайттым. Студияда бәрі әдемі, өте таза екен. Шәй ішіп, біраз әңгімелесіп қайттым», – деп жазды өнер иесі.
Мақпал Жүнісова жазбасында Баян Алагөзованы белгілеп, кездесуден бірнеше кадр жариялады. Фотолардың бірінде әншінің қолына гүл шоғы ұстатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары қос өнер иесінің кездесуіне жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылықтарына сәттілік тіледі.