Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 62 жасында қайтыс болды

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 62 жасында қайтыс болды
facebook.com/tupqaragansayasat

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, мемлекеттік және қоғам қайраткері Рахымбек Әміржанов 62 жасында өмірден өтті. Түпқараған ауданының әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Аудан әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған көңіл айту хабарламасына сәйкес, Рахымбек Әміржанов өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан білікті басшы болған.

Түпқараған ауданының әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді.

«Ол саналы ғұмырын ел игілігіне, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне арнады. Соңында өшпес із, жарқын үлгі қалдырды. Парасатты тұлғасы, іскерлік қабілеті мен адамгершілік қасиеттері замандастары мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.