Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа видео жарияланды. Кадрларда марқұмның анасы мен Мадиярдың қайғылы жағдайдан кейін алғаш рет кездескен сәті түсірілген, деп хабарлайды ult.kz.
Видеоны журналист Жан Ахмадиев Instagram парақшасында жариялады.
«Мадияр мен Мадинаның анасы өлімнен кейін алғаш рет кездесті…» — деп жазды журналист.
Бұған дейін Жан Ахмадиев Мадинаның өліміне қатысты сараптама қорытындысы дайын болғанын хабарлаған. Журналист осыған байланысты Таразға арнайы барғанын, заңгерлер істің материалдарымен танысып жатқанын айтқан. Сонымен қатар түсірілім тобы Мадиярдан сұхбат алуға әрекет жасаған.
Мадина Рашидқызы 2026 жылдың тамызында Жамбыл облысы Меркі ауданында қайтыс болған. Осыдан кейін марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде Мадинаның күйеуімен арада жанжал болғанын жазған.
Құрбысының жариялаған хат алмасуында Мадина күйеуінің баласына әкелген «Барни» тәттісін жегеннен кейін жанжал шыққанын және өзіне қол көтерілгенін айтқан.
Марқұмның жақындары оның өліміне қатысты бірқатар жайтқа күмән келтіріп, істің жан-жақты әрі объективті зерттелуін талап етіп отыр.