Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Төлекбаев сәбиін көтеріп, курьер болып жұмыс істеген әйелдің отбасы Алматыдан көшіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбай айтты.
«Олар Алматы қаласынан өз еркімен көшіп кетті. Қазір бұрын өмір сүрген жері – Шымкентте тұрып жатыр. Ешқандай қысым болған жоқ. Бұл шешімді ата-аналарымен ақылдаса отырып, өздері қабылдаған. Неліктен көшкенін білмейміз. Бұл – отбасының жеке шешімі. Мүмкін ата-анасы қайта шақырған болар. Бірақ кеше ғана нақтылап сұрастырдым, Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы бұл ақпаратты растады. Ешқандай қысым көрсетілмеген», – деді вице-министр.