Күйеуінен таяқ жеп жансақтау бөліміне түскен келіншек көз жұмды

Күйеуінен таяқ жеп жансақтау бөліміне түскен келіншек көз жұмды
Фото: видеодан кадр

Қырғызстанның Ош қаласында зорлық-зомбылық белгілерімен аурухананың жансақтау бөліміне түскен Гүлзада Назирбаева 29 тамызда көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Ош облыстық полициясының мәліметінше, әйелдің өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Осыдан бір апта бұрын марқұмның туыстары Гүлзаданы күйеуі ұрғанын айтып, дабыл қаққан. Алайда марқұмның қайын жұрты бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Қазір әйелдің өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.