Күйеу баласын қызметтік тапаншамен атқан полицей 10 жылға сотталды

Күйеу баласын қызметтік тапаншамен атқан полицей 10 жылға сотталды
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде туысымен ішімдік ішіп отырған полиция қызметкері күйеу баласына қызметтік тапаншасынан төрт рет оқ атқан. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 28 наурызда болған. Хромтау аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты кезекшілікке шығуға тиіс болған. Сол күні туыстарымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде күйеу баласының қарындасын ұрғанын естіп, ашуға булыққан.

Сот мәліметінше, полицей қызметтік қаруын алып, жәбірленушіге төрт рет оқ атқан. Салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келген.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Сот үкімімен оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.