Қостанай облысында өртенген үйден бірнеше адамның мүрдесі табылды

Қостанай облысында өртенген үйден бірнеше адамның мүрдесі табылды

Қостанай облысында саяжайлық үйден өрт шығып, бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 6 маусым күні сағат 02:00 шамасында Лисаков қаласындағы «Урожайная-2» саяжай бақшасында болған. Хабарлама жергілікті өрт сөндіру бөліміне түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына келгенде саяжай үйі толығымен жанып жатты. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалын сағат 03:34-те сөндірілді. Үй ішінен жанып кеткен 3 адамның денесі табылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің нақты себептерін анықтау үшін сот сараптамасы белгіленді. Оқиға орнында Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.