Ақтөбеде ер адам бұрынғы сүйіктісін интимдік видеолармен бопсалаған

Ақтөбеде ер адам бұрынғы сүйіктісін интимдік видеолармен бопсалаған
видеодан скриншот

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған әйелден 700 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Ақшаны бермеген жағдайда оның интимдік сипаттағы видеоларын туыстары мен таныстарына таратып жіберетінін айтып қорқытқан.

Күдіктіні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бопсалаудың тағы бір дерегі Хромтауда тіркелді. Онда жас жаттықтырушы танысы, шахтерден 500 мың теңге талап етіп, күш қолданатынын айтып қорқытқан. Ол да ақшаны алу кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған екі дерек бойынша да «Қорқытып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.