Freedom Inside '26

Көршісін өлтіріп, ұрлық жасаған ер адам 9 жылға сотталды

Көршісін өлтіріп, ұрлық жасаған ер адам 9 жылға сотталды
depositphotos.com

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында көршісін өлтіріп, ұрлық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.

Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта алқабилердің қатысуымен қаралды. Сотталушыға тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылған.

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылдың 5 сәуірінде айыпталушы мас күйінде жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, темекі блогы мен қол сағатын ұрлаған.

Ал 10 сәуірден 11 сәуірге қараған түні Қызыл Пресня ауылында бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал туындаған. Тергеу дерегінше, жанжал барысында сотталушы асүй пышағымен ауылдасына бірнеше рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындағанымен, адам өлтіргенін жоққа шығарған. Алайда сот оның кінәсі ұсынылған дәлелдермен толық расталғанын мәлімдеді.

Алқабилердің шешімі негізінде ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.