Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Ол марқұм сіңлісін еске алып, соңғы уақытта болған оқиғаларға қатысты жанайқайын жеткізген.
«Сары шөжегім, сіңлім… Сені қинады, тыныштық бермеді. Жаныңның қанша ауырғанын жүрегім сезеді. Бірақ Алла кімнің кім екенін көрсетті. Менің үнсіз қалғаным – әлсіздіктен емес, сабырдан еді. Мақсатым – ата-анамның және халықтың көзін ашып, шындықтың бетін ашу болды. Айтарым көп, бірақ кейбір шындықты уақыттың өзі дәлелдейді. Бүгін көп нәрсенің беті ашылды. Ең бастысы – Алланың алдында жүрегім тыныш», – деп жазды ол.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленгені туралы ақпарат кеңінен тарады. Осы жайттан кейін марқұмның әпкесінің жазбасы көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыға түсті.