Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Кімнің еңбегін бағаламай қойдым?”: Ерке Есмахан өзіне өкпесін айтқан дизайнерге жауап берді

“Кімнің еңбегін бағаламай қойдым?”: Ерке Есмахан өзіне өкпесін айтқан дизайнерге жауап берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Ерке Есмахан “Наз” әнінің бейнебаянына қатысты реніш білдірген дизайнер Ханым Айдашқа жауап берді. Әншінің айтуынша, дизайнер сөз еткен көйлек пен қалпақ Мәдина Ералиеваның архивтен алынған кадрында көрінеді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін Ханым Айдаш бейнебаянға енген образды өзі жасағанын айтып, есімі аталмағанына реніш білдірген. Ерке Есмахан Instagram парақшасында дизайнердің сұхбатын тыңдап, әуелде оның қай көйлек туралы айтып тұрғанын түсінбегенін жеткізді.

“Қай жерде рақмет айтпай қалдым? Кімнің еңбегін бағаламай қойдым деп. Сөйтсем, дизайнер ханым бейнебаяндағы Мадина апамның сонау жылдары киген көйлегі мен шляпасының авторы екен”, – деді әнші.

Ерке Есмахан “Наз” әнін бала кезінен айтып келе жатқанын, ал бейнебаянды Мәдина Ералиеваның шығармашылығына құрмет ретінде түсіргенін айтты. Ол Айдаш тіккен киімнің клипке арнайы қайта тігілмегенін де түсіндірді.

“Көйлегіңізді қайта тіктіріп, киіп тұрған Ерке Есмахан емес, ол Мадина апамыздың архивтен алынған бейнесі”, – деді ол.

Айта кетейік, Ырысбаланың бауырының тойында уыстап ақша шашқаны талқыға түсті. 

Ерке Есмахан кім?

Ерке Әбдірашқызы Есмахан — қазақстандық эстрада әншісі. Ол 1984 жылы 30 қарашада Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында дүниеге келген. Сахнаға “Іңкәр” тобының құрамында шығып, кейін жеке әнші ретінде өнер көрсете бастады.


Оны кең аудиторияға 2017 жылы жарық көрген “Қайда?” әні танытты. Әннің бейнебаяны Қазақстанда да, шетелде де танымал болды. Оның репертуарында “Асыл арман”, “Айша бибі”, “Еркемін” әндері бар.

2026 жылы Ерке Есмахан Мәдина Ералиеваның орындауымен танылған “Наз” әнін жаңаша шырқап, оған бейнебаян ұсынды.