Қазақстанда қыс қандай болады?

Қазақстанда қыс қандай болады?

«Қазгидромет» РМК басшысы Марина Шмидт қыста Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биыл қараша айында елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градус жоғары болмақ. Тек еліміздің батысы мен шығысында ауа температурасы нормаға сәйкес болады. Республикамыздың басым бөлігінде бір айға жуық көлеміндегі жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болса, Оңтүстік Қазақстанның шет жағында нормадан асады. Ал оңтүстік-батысында нормадан төмен болады», - деді «Қазгидромет» басшысы.

Атап өтілгендей, қыстың алғашқы екі айы – желтоқсан мен қаңтарда ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады.

«Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен күндер де болады. Желтоқсан айы жауын-шашынды болатыны күтілсе, ақпан айында еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 градусқа төмен температура орнайды», - дейді ол.

Ақпан айында еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз түседі, ал солтүстік-шығыста оның мөлшері - нормаға сай.

М.Шмидтің айтуынша, қараша айында синоптикалық құбылыстардың араласуы болмаса қар, жел, көктайғақ күтуге болады.

«Биыл қыс мезгілі салыстырмалы түрде – жылы. Ақпан айында ғана ауа температурасы нормадан 1-2 градус төмен болуы мүмкін», - дейді «ҚазГидромет» РМК басшысы.