«ҚазАгро» холдингіне» жаңа басшы тағайындалды

«ҚазАгро» холдингіне» жаңа басшы тағайындалды

Жалғыз акционердің бұйрығымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы болып Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы - 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, құқықтану бакалавры, сонымен бірге Әл-Фараби Атындағы ҚазМҰУ экономика және құқық институтының экономика магистрі дипломы бар.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасында бастаған.

Әр жылдары «Медикус Центр» ЖШС БК-да басшылық лауазымында болды, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директоры - Басқарма мүшесі (2003-2006),  ҚР Қаржы министрлігі «Жиынтық-талдау департаментінің директоры (2006-2007), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (2007), «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2007-2009), «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК бас директоры (2010-2012), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «ҚБТУ» мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты ЖШС Бас директоры (2012-2013), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016).

2016-2019 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.