Каспийдегі қайғылы жағдай: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді

Каспийдегі қайғылы жағдай: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді
Бас прокуратура

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Бұл туралы ҚР Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды.

Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды.

Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.

Еске салайық, Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.