Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.
«Науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Мамандар тиісті ем жүргізіп, науқастың жағдайын бақылауды жалғастыруда», – делінген хабарламада.
Науқастың ем алу барысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.
Айта кетейік, суға кеткен 19 әскеридің 12-і көз жұмды, 3 адам құтқарылды. Ал 2 әскеридің денесі әлі табылмады.