Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелінің Instagram-дағы суреттеріне лайк басқан тұрғынды пышақтап, ауыр жарақат келтірді, деп хабарлайды ult.kz.
Сот мәліметінше, оқиға биыл мамырда болған. Әйелінің суреттеріне қойылған лайктарға байланысты екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Сотталушы алдын ала дайындап әкелген жиналмалы пышақпен жәбірленушіге үш рет соққы жасаған. Жарақат салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келген.
Сотта кінәсін толық мойындап, өкінген ер адам бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Сот оны кінәлі деп танып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.