Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасы үшін Азиаданың алтынынан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева кроссовкасы үшін Азиаданың алтынынан айырылды
ТСМ

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның 2026 жылғы Азия ойындарындағы нәтижесі жойылды, деп хабарлайды ult.kz.

27 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында спортшы 42,195 шақырымдық марафондық спорттық жүрістен жарысты 3:22:20 нәтижесімен бірінші болып аяқтаған еді.

Алайда жарыстан кейін Тоқсанбаеваның нәтижесіне наразылық білдірілді. Хаттамаға «Protested» деген белгі қойылып, спортшының аяқ киімі World Athletics талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілді.

Кейін Ясмина Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында нәтижесінің жойылғанын хабарлады.

«Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік. Мен алтынды қатты сыйлағым келді. Бірақ Жаратқанның жолы бізге беймәлім. Бұл да мені арманымның жолынан тоқтатпайды. Бүгін мені мың бөлікке бөлгендей болды», – деп жазды спортшы.

Бұған дейін наразылық туралы ақпарат шыққаннан кейін Тоқсанбаева: «Тіпті менен мұны тартып алса да, мен қайта оралып, мұны тағы да жасаймын», – деген еді.

Кейін Азия ойындарының ресми сайтында шешім жарияланды. Жарыс мәртебесі өзгертіліп, спортшының аты-жөніне DQ (Disqualified – жарыстан шеттетілді) деген белгі қойылды.

Осылайша Ясмина Тоқсанбаеваның 3:22:20 нәтижесі ресми түрде жойылды.