Freedom Inside '26

Ғылым, көлік, цифрландыру және атқарушылық іс жүргізу: Президент жаңа заңдарға қол қойды

Ғылым, көлік, цифрландыру және атқарушылық іс жүргізу: Президент жаңа заңдарға қол қойды
Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар маңызды салаларды қамтитын төрт заңға қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы машина жасау саласын дамытуға және көлік саласын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бұдан бөлек, атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіруге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Президент қол қойған тағы бір құжат – цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі қауіпсіздігі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелерін қамтитын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң.

"Аталған заңдардың мәтіндері ресми баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.