Freedom Inside '26

«GULDER» ансамблі би мәдениетінің тарихын сахнада жаңғыртты

«GULDER» ансамблі би мәдениетінің тарихын сахнада жаңғыртты
Қазақконцерт

14 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «GULDER» ансамблінің «EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» концерт-дәрісі өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Жоба – көрермендерді бірнеше ғасырды қамтитын би мәдениетінің даму тарихымен таныстырып, әр дәуірдің эстетикалық ерекшеліктерін, сахналық пластикасын көрсетті.
 

Фото: Қазақконцерт

Концерттік бағдарламада павана, менуэт, полонез, вальс, танго, латино және қазақ вальсіне сияқты әртүрлі би жанрлары сахналанды.
 
«EXPERIENCE №4» жобасының авторлары – Халықаралық байқаулардың лауреаты, “Гүлдер” ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен "Гүлдер" ансамблінің педагог-хореографы Дана Қуанышбекова.
 
Іс-шараға «GULDER» ансамблінің әртістері, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев, эстрада әншісі Айсұлу Жак, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрай Шеру, Батыржан Смақов, өнертану докторы Мадина Капеу-Коханова, Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері, сондай-ақ «SAMGA» квартеті қатысты.

 «EXPERIENCE №4: Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» концерт-дәрісі би өнерінің ғасырлар бойғы эволюциясын, ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы байланысты көрсеткен бірегей жоба.

Фото: Қазақконцерт

Фото: Қазақконцерт

Фото: Қазақконцерт