Германиялық қонақ қойдың басын жеген қазаққа таңдана қарады (ВИДЕО)

Германиялық қонақ қойдың басын жеген қазаққа таңдана қарады (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Германиядан Қазақстанға келген қонақтың қазақ отбасындағы ерекше сәті түсірілген видео көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрларда шетелдік азаматтың қазақ дастарқанында қойдың басы ұсынылғанын көріп, таңданысын жасыра алмай қалғаны байқалады. Оның реакциясы желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, бейнежазба қысқа уақытта кеңінен тараған.

Желі қолданушылары шетелдік қонақтың қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүріне куә болғанын атап, мұндай сәттер қазақ мәдениетін өзге ел азаматтарына таныстыруға мүмкіндік беретінін жазған.