Freedom Inside '26

Газ терминалында жойқын жарылыс: 18 адам із-түзсіз жоғалды

Газ терминалында жойқын жарылыс: 18 адам із-түзсіз жоғалды
Фото: Видеодан кадр

21 маусым күні кешке Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік қаласында жарылыс болып, артынша өрт шықты. Бұл аймақта елдің табиғи газ экспортына арналған негізгі терминал орналасқан, деп хабарлайды ult.kz.

QatarEnergy компаниясының мәліметінше, оқиға газ жеткізу кәсіпорнында өндірісті қайта іске қосу кезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылысқа техникалық ақау себеп болған.

Қатар Ішкі істер министрлігі де апаттың техникалық себептен болғанын растады.

Еске салсақ, бұған дейін Рас-Лаффан нысаны Иранның соққысына ұшырап, бірнеше апта бойы жұмысын тоқтатқан еді. Жарылыс өндірісті қайта іске қосу жұмыстары жүріп жатқан сәтте болған.

Соңғы мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 54 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Тағы 18 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында.