Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан жастары I тобына түсті. Қарсыластары - Дания, Бельгия, Түркия және Шотландия құрамалары. 

Өзге құрамалар төмендегіше топтарға бөлінді. 

A тобы: Хорватия, Австрия, Норвегия, Финляндия, Әзербайжан, Эстония.

B тобы: Германия, Польша, Израиль, Венгрия, Латвия, Сан-Марино.

C тобы: Испания, Ресей, Словакия, Солтүстік Ирландия, Литва, Мальта.

D тобы: Португалия, Грекия, Исландия, Беларусь, Кипр, Лихтенштейн.

E тобы: Нидерланды, Швейцария, Болгария, Уэльс, Молдова, Гибралтар.

F тобы: Италия, Швеция, Ирландия, Босния және Герцеговина, Черногория, Люксембург.

G тобы: Англия, Чехия, Словения, Албания, Косово, Андорра.

H тобы: Франция, Сербия, Украина, Солтүстік Македония, Фарер аралдары, Армения.

Турнирдің іріктеу сатысындағы топтық кезең 2021 жылдың наурызы мен 2022 жылдың маусым айына дейін болады. Финалдық кезең 2023 жылдың маусым-шілде айларында Румыния мен Грузия елдерінде өтеді. Онда барлығы 16 құрама сынға түседі.