Freedom Inside '26

Футбол тойы: 2026 жылғы әлем чемпионаты басталды

Футбол тойы: 2026 жылғы әлем чемпионаты басталды
depositphotos.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты ресми түрде басталды. Биылғы мундиаль тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Әлемнің басты футбол додасына 48 ұлттық құрама қатысуда. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы ең ауқымды турнир. Жарыс аясында 104 матч өткізіледі.

Турнирдің ашылу салтанаты Мехикодағы әйгілі Ацтека стадионында өтті. Ашылу матчында алаң иелері Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасының командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

39 күнге созылатын әлем чемпионаты 19 шілдеде аяқталады. Финалдық кездесу АҚШ-та өтеді. Турнир барысында жанкүйерлер әлемнің үздік футболшылары мен құрамаларының тартысты бәсекесін тамашалайды.