Ешкім күтпеген дуэт: Мақпал Жүнісова Тұрармен бірге өнер көрсетті

Ешкім күтпеген дуэт: Мақпал Жүнісова Тұрармен бірге өнер көрсетті
Фото: видеодан кадр

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы қаласының туған күніне арналған концертте жастармен бірге өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші Тұрармен дуэт құрған Мақпал Жүнісова өз репертуарындағы танымал әндерінің бірін заманауи бағытта орындады. Ерекше форматтағы қойылым көпшіліктің көңілінен шыққан.

Концерттен тараған видео әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, желі қолданушылары әншінің өнеріне жоғары бағасын берген.

«Мақпал апам – космос», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.