Freedom Inside '26

Еркебұлан Тоқтар күзетшімен жаға ұстасты

Еркебұлан Тоқтар күзетшімен жаға ұстасты
Коллаж: ult.kz

Еркебұлан Тоқтар кино премьерасындағы келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Атақты спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде кинотеатр күзетшісімен болған жағдайға байланысты өз ойын айтты.

Оның сөзінше, оқиға «Бейшара» фильмінің премьерасы кезінде болған. Ол көрермендермен суретке түсіп, біраз уақыттан кейін залға кіруге бет алған. Сол сәтте артынан келген інісі Орынтайды күзет қызметкерлері кіргізбей қойған.

Еркебұлан Тоқтар інісін бірге кіргізуге тырысқанын айтады.

«Жігіттер, менімен бірге кіргізе салыңдар» деп өтіндім. Бірақ сол кезде күзетшілердің бірі “түріңді жинашы” деп айтты. Сол сөз көңілге қатты тиді», — дейді ол.

Оның айтуынша, жанжалдың өршуіне дәл осы жағдай себеп болған. Спортшы бұл оқиғаға қатысты әртүрлі пікірлерге жауап беріп, өз тарапынан дөрекілік танытпағанын және хайп қуу мақсатында әрекет етпегенін жеткізді.

Айта кетейік, «Бейшара» фильмінің жалғасы ретінде төртінші бөлімнің жарыққа шығуы жоспарланып отыр.