Әлеуметтік желілерде Өзбекстанда түсірілген делінген видео кеңінен тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Кадрларда әкесі кішкентай қызын ұйықтамай қойғаны үшін жазалап, оған малдың қиын жегізіп жатқан сәті бейнеленген, деп хабарлайды ult.kz.
Видеода қыздың жылап, қарсылық білдіргеніне қарамастан, ер адамның әрекетін тоқтатпағаны көрінеді. Бұл көрініс желі қолданушыларының наразылығын туғызып, көпшілік мұндай әрекетті балаға жасалған қатыгездік деп бағалады.
Оқиға жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде әкені жауапкершілікке тартуды талап еткен пікірлер көбейді. Қолданушылар құқық қорғау органдарын оқиғаға назар аударып, мән-жайды анықтауға шақыруда.