Freedom Inside '26

Ер адамның қоғамдық көліктегі ерсі әрекеті ел талқысына түсті

Ер адамның қоғамдық көліктегі ерсі әрекеті ел талқысына түсті
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Бішкек қаласындағы қоғамдық автобустардың бірінде болған оқиға қызу талқылануда, деп хабарлайды ult.kz.

Куәгерлердің айтуынша, автобуста отырған ер адам жанында тұрған қыздың белдемшесінің астына телефонын бағыттап ұстаған. Оның бұл әрекеті өзге жолаушылардың күдігін туғызған.

Оқиғаға куә болған әйелдердің бірі ер адамнан телефонындағы суреттерді көрсетуді талап еткен. Алайда күдікті бұған келіспей, ашуға мініп, келесі аялдамадан автобустан түсіп кеткен.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тарапынан ресми ақпарат жарияланған жоқ.